Windows желісінің сауалнамасы

Барлығын жаю | Барлығын жию

Windows желісінің сауалнамасы туралы

Жылдам сауалнама кезінде Басқару сервері желінің барлық домендері мен жұмыс топтары құрылғыларының NetBIOS атаулары тізімі туралы ақпаратты ғана алады. Толық сауалнама барысында, әрбір клиент құрылғысынан келесі ақпарат сұралады:

Жылдам сауалнама кезінде де, толық сауалнама кезінде де керегі:

Желінің толық сауалнамасы, егер жылдам сауалнама кемінде бір рет іске қосылған болса ғана іске қосылуы тиіс.

Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін көру және өзгерту

Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін өзгерту үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруТабуWindows домендері бөліміне өтіңіз.
  2. Сипаттар түймесін басыңыз.

    Windows домені сипаттары терезесі ашылады.

  3. Windows желілік сауалнамасын қосу қосқышын пайдалана отырып, Windows желісінің сауалнамасын қосыңыз немесе өшіріңіз.
  4. Сауалнама кестесін конфигурациялаңыз. Әдепкі бойынша, жылдам сауалнама 15 минут сайын іске қосылады, ал толық сауалнама – 60 минут сайын.

    Сауалнама кестесінің нұсқалары:

    • N күн сайын
    • N минут сайын
    • Апта күндері бойынша
    • Ай сайын, таңдалған апталардың көрсетілген күндері
    • Өткізіп алынған тапсырмаларды іске қосу
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

Параметрлер сақталған және барлық Windows домендері мен жұмыс топтарына қатысты қолданылған.

Сауалнаманы қолмен іске қосу

Тексеруді дереу іске қосу үшін,

Жылдам сауалнаманы бастау немесе Толық сауалнаманы бастау түймесін басыңыз.

Сауалнама аяқталған кезде, сіз домен атының жанында жалаушаны қойып, Windows домендері бетінде анықталған құрылғылар тізімін қарап, Құрылғылар түймесін баса аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу